«Ерлан қамауда отырғалы бір апта болды. Бірақ оған бүгінгі күнге дейін айып тағылған жоқ,- деп хабарлайды жақындары. — Сонымен бірге қамауда отырған кезде оның асқазан жарасы асқынып кеткен. Бірақ қажетті медициналық режимді сақтауға Ерланға мүмкіндік берілген жоқ». «Сол себепті ол аштық жариялады»,- деді Сәрсенбековтың туысы.
Осы орайда еске салсақ, 10-мамыр, бейсенбі күні үйінен емханаға шығып кеткен Е.Сәрсенбеков сол күйінде хабарсыз кеткен. Артынан анықталғанындай, оны тәртіп сақшылары қамауға алған. Ол қазір Алматы қалалық ІІД-нің тергеу абақтысында отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті