Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 786-ға жетіп, оның 476-сы өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 786-ға жетіп, оның 476-сы өртелді

Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 786-ға жетіп, оның 476-сы өртелді

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Атырау облысында аусылға шалдыққан малдың саны 786-ға жетіп, оның 476-сы өртелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2007
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. «Диагнозды «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РҚКК қан сынамасын зерттеу арқылы зертханалық тексеруде анықтады»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында үй жануарларының аусылмен ауыруына байланысты 21 күндік карантин жарияланды.

Алғаш індетті жұқтырған мал 20-сәуірде анықталған болатын.

Министрліктің хабарлауынша, 16-мамырдағы жағдаймен 1251 шаруашылық, 5315 ірі қара, 14739 ұсақ мал тексерілді. Соның ішінен аусылмен ауырған 641 ірі қара, 145 ұсақ мал анықталып, 431 ірі қара мен 45 бас ұсақ мал өртелді.

4287 бас ірі қара мал мен 17218 ұсақ малға вакцина егілді. Карантиндік-шектеу шаралары қолданылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті