ЭСКАТО бас хатшысы мен ҚР СІМ комиссияның құрылуына 60 жыл толуына арналған мерейтойлық пошта маркасына бірінші белгі соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭСКАТО бас хатшысы мен ҚР СІМ комиссияның құрылуына 60 жыл толуына арналған мерейтойлық пошта маркасына бірінші белгі соқты

ЭСКАТО бас хатшысы мен ҚР СІМ комиссияның құрылуына 60 жыл толуына арналған мерейтойлық пошта маркасына бірінші белгі соқты

АЛМАТЫ. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы - ЭСКАТО-ның бас директоры, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ким Хак Су мен ҚР СІМ Марат Тәжин комиссияның құрылуына 60 жыл толуына арналған пошта маркасына ескерткіш белгі соқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

Жаңа марканы Қазақстанның пошта әкімшілігі шығарған. Оның көк түсті фонында қазақ оюы мен ЭСКАТО-ның 60-жылдық мерейтойының белгісі бейнелеген. Марканың мөлшері — 50х38 мм, номиналы — 25 теңге, таралымы — 50 мың дана.

Мерейтойлық маркаға белгі соғу рәсімі БҰҰ ЭСКАТО комиссиясының Алматыда өтіп жатқан 63-ші сессиясы аясында өткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті