Ким Хак Су кездесуге қатысушылар алдағы күндері Комиссияның 62-ші сессиясынан кейінгі секретариатының қызметін, 2008 — 2009 жылдар аралығындағы қызмет бағдарламасының жобасы, тұрақты өкілдердің кеңестік комитетінің қызметі мен қорларын жандандыру мәселелерін талқылайтындықтарын айтты.
Ол сарапшылар мәжілісіне 2006 жылы Комиссияның 62-ші сессиясынан кейін ұйымдастырылған АТМЭӘК секретариатының жұмысы туралы атқарушы хатшының баяндамасы әзірленгендігін жеткізді. «Бұл — аймақтық проблемалар туралы және АТМЭӘК тарапынан қолдануы қажет шаралар жайында баяндалған алғашқы құжат болып табылады», — деді БҰҰ жүйесінің жоғарғы өкілі.
Ким Хак Су жоғары лауазымды тұлғалардың мәжілісі комиссия сессиясының қорытынды бөлігі — «Азия-Тынық мұхиты аймағында Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбы бойынша 21-мамырда өтетін ЭСКАТО-ның арнаулы мерейтойлық отырысына дайындықтың бір бөлігі екенін атап өтті. Сонымен бірге 22-мамырда «Азия-Тынық мұхиты аймағында Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық өсу қарқыны контекстінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту» тақырыбы бойынша министрлердің «дөңгелек үстелі» өтеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің кездесуіне қатысып сөз сөйлейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті