«Өрлітөбе» шекара бақылау бөлімшесінде шекарашылар Павлодар — Омск бағытындағы автобусында 81 мың Ресей рублі көлеміндегі контрабандалық ақшаны алып өтпек болған Қазақстан Республикасының азаматын ұстаған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, шекарашылардың ақпараттарына сүйенсек, Петропавлдың шекарашылар отрядының бақылау бөлімшесінде Қарағанды — Мәскеу бағытындағы № 83 поездында Қазақстанның екі азаматы құрықталған. «Аталмыш тұлғалардан тексеруден жасырылған контрабандалық ақша — 13 300 АҚШ доллары мен 40 мың Ресей рублі табылып, тәркіленді»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті