Үкімет басшысы кеңсесінің бөлім меңгерушісі алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы кеңсесінің бөлім меңгерушісі алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Үкімет басшысы кеңсесінің бөлім меңгерушісі алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттігі үкімет басшысы кеңсесінің бөлім меңгерушісіне алаяқтық жасады деген айып тағып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Мамыр 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасап, құрылыс компанияларының басшыларын Алматы әкімшілігінің қызметкерлері-міс әлдебіреулерге пара беруге итермелеген»,- деді Қайрат Қожамжаров. Сонымен қатар, кеңсе қызметкері «басқа да тұлғалармен ымыраласа отырып, арнайы сыйақы үшін құрылыс компанияларының жер телімдерін алуларына көмек көрсеткен».

Қайрат Қожамжаров аталмыш тұлғалардың 75 мың АҚШ долларын алғандығын атап өтті.

Қазіргі уақытта, оның айтуынша, қылмыстық іс аяқталған, айыпталушылардың барлығы қамауға алынып, іс сотқа жіберілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті