Павлодарда жас әйелдерді тонап келген кәнігі ұры құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жас әйелдерді тонап келген  кәнігі ұры құрықталды

Павлодарда жас әйелдерді тонап келген кәнігі ұры құрықталды

ПАВЛОДАР. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Павлодарда жас әйелдерді тонап келген кәнігі ұры құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Павлодардың Оңтүстік АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ержан Дүйсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Мамыр 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, кеше полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында қаланың 40 жасар тұрғынынын қылмыс үстінде құрықтаған. Еркек жергілікті жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын студент қыздың ұялы телефонын күш көрсетіп, тартып алған. Е. Дүйсенбаевтің айтуынша, күдікті қаруланған және де ұстау кезінде қарсылық танытпақ болған.

Бүгінде полицейлер күдіктінің осы тектес 10 дерекке қатысы бар екендігін дәлелдеді. «Ол бір схема бойынша әрекет жасап отырған: ең алдымен өзінің құрбанын мұқият аңдып, құрбаны тоқсатыға кіргенде артынан ере кірген, сосын пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алып отырған»,- деді Е. Дүйсенбаев.

Ұсталғанның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-тармағы бойынша (бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасау) қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған көптеген жылдан бері есірткіні инемен тұтынатын нашақор болып табылады, ұрланған телефондарды сатқан ақшасын есірткі сатып алуға жұмсап отырған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті