Бас мүфти мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі қажылықты ұйымдастыру және реттеу тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі қажылықты ұйымдастыру және реттеу тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды

Бас мүфти мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі қажылықты ұйымдастыру және реттеу тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Қасиетті Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі Фуад бен Абдель Салам әл-Фарси 2007 жылдың желтоқсан айында қажылықты ұйымдастыру және реттеу тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Маусым 2007
  • 666
Фото - Caravan.kz

Екі жақты келіссөздер нәтижесінде биыл Қазақстаннан 4500 адам қажылыққа келетін болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Сауд Арабиясының қажылық істерге жауапты мекемелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен қазақстандық туристік фирмалармен жұмыс істеуге уәде етті. Қажылыққа баруға ниет еткен мұсылмандардың өтініштері алдағы 1 қарашаға дейін қабылданатын болады. Қазақстандық туристік фирмалар осы мерзімге дейін барлық дайындық шараларды аяқтауы тиіс. Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі қажыларды автобуспен шетелдерден тасымалдауға қатаң тыйым салатынын мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Мекке, Мәдина және Джидда қалаларындағы қажылықпен айналасатын құзырлы мекемелердің басшыларымен де кездесулер өткізді. Бұл кездесулерге Қазақстанның Риядтағы Елшісі Қайрат Лама Шариф пен ҚР Әділет министрігі діни істер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Төлесов қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті