Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Астананың халықаралық әуежайында Алматы — Астана — Санкт-Петербург рейсінің жолаушысы ұсталған. «Қазақстанның азаматы елден декларацияда көрсетілмеген 50 мың евро көлеміндегі валютаны әкетпек болған»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, «Майқапшағай» шекара бақылау бөлімшесінің шекарашылары Қазақстан-Қытай шекарасында Қытай Халық Республикасына бет алған Қазақстан азаматын ұстады. «Еркектен жеке заттарын тексеру барысында 40 мың АҚШ доллары көлеміндегі контрабандалық ақша тәркіленді»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті