Кеден органдарының техникамен нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден органдарының техникамен нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр - Бас прокуратура

Кеден органдарының техникамен нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр - Бас прокуратура

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Кеден органдарының техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

  • 13 Маусым 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Заң бұзушылықтарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отырған басты проблема кедендік органдардың техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы болып табылады»,- деді ол сәрсенбіде Астанада өткен брифингте.

«Уақытша сақтау қоймалары, жүкті арту-түсіру техникасы, жүк түсірушілер, орау аппараттары жоқ болып отырғанда, бақылаудың қандай тиімділігі туралы айтуға болады? Бұларсыз 40-тан 70 тоннаға дейін тең-тең жүк тиелген көлікті толық тексеруді қалай талап ете аламыз? Теңді ашқаннан кейін бір теңнің өзі ғана жүк көлігінің кузовын толтырып кетеді»,- деді ол.

Кәсіпкерлер бүгінде, кеден саласы маңындағы жұмыс үшін тек ресми рұқсат қана емес, кеденшілердің бүркемелеуін де алу керек дейді, яғни сыбайлас жемқорлыққа меңзеп отыр», — деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

С. Нұрпейісов сондай-ақ, Бас прокуратура «өзінің үкіметке енгізген ұсынысында уақытша сақтау қоймасының іс-қызметін лицензиялау мен оларды квалификациялық талаптарға сәйкес болуын бақылауды жүзеге асыру функциясын басқа органға беру мәселесін қарастыруды ұсынғандығын» хабарлады. «Мысалы, бұл қаржы министрлігі болуы мүмкін»,- деп санайды ол.

Бас прокуратураның ресми өкілінің пайымдауынша, шекара кедендерін техникалық тұрғыдан жаңарту мен оларды заманауи бақылау құралдарымен техникалық жабдықтау туралы мәселені қарастыру қажет. «Кеден құрылғыларын осы саладағы көшбасшы — атақты дүниежүзілік өндірушілерден алу қажет, деп санаймыз»,- деп қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті