Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты өткен сәрсенбі күні таңертеңгі сағат 6-да Алматы-Ташкент тас жолының 166-шы шақырымында болған. «Мерседес» жолаушылар автобусында 43 жолаушы отырған. Автобус Шымкенттен Алматыға бет алған екен.
Жолдағы апаттан 24 адам жарақаттанды. «Олардың үшеуі Қордай ауылы орталық аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған, қалған 21 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті