Алматыда болған үш жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда болған үш жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам жараланды

Алматыда болған үш жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам жараланды

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда болған үш жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, сәрсенбі күні солтүстік айналма жолда «Дорожник» ықшамауданының қарсы алдында үлкен жол апаты болды. «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі «Фольксваген» автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылса, 40 жастағы «Ниссан» жолаушысы мен 53 жастағы «Фольксваген» жолаушысы оқиға орнында мерт болды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тағы бір апат Саин және Жұбанов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерде «Мазда» және «Ниссан» көліктері соғысты. Апат салдарынан екі жолаушы мен екі жүргізуші жараланып, ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір апат түнде Жароков пен Сәтпаев көшелірінің қиылысында болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі «Мазда» көлігімен соғысты. Соның салдарынан екі жолаушы мен екі жүргізуші ауруханаға жатқызылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті