Ақтауда ұшақ апатты жағдайда қонды; ешкім зардап шеккен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда ұшақ апатты жағдайда қонды; ешкім зардап шеккен жоқ

Ақтауда ұшақ апатты жағдайда қонды; ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Ақтау әуежайында Ашхабад пен Мәскеу арасында қатынайтын Челенджер-601 үлгісіндегі ұшақ апатты жағдайда қонды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2007
  • 357
Фото - Caravan.kz

«»Вакуна Джек» (Бермуды) әуекомпаниясының ұшағы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшу барысында оң жақ қозғалтқышының ақауы салдарынан Ақтау әуежайында апатты жағдайда қонды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұшақ бортында 8 адам, соның ішінде экипаждың 4 мүшесі мен Мәскеуге бара жатқан төрт адам болған. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлайды мекеме.

Ұшақ Ақтау әуежайында бір тәуліктей болып, техникалық ақау жойылған соң сәрсенбі күні кешке жолға шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті