Бішкекте дәмханада тамақтанған үш адам қайтыс болып, сегізі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте дәмханада тамақтанған үш адам қайтыс болып, сегізі ауруханаға жатқызылды

Бішкекте дәмханада тамақтанған үш адам қайтыс болып, сегізі ауруханаға жатқызылды

БІШКЕК. 14-маусым. Kazakhstan Today. Бішкекте дәмханада тамақтанған үш адам қайтыс болып, сегізі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 14 Маусым 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдардың жаппай улану оқиғасы 13-маусым күні кешке болған. Тауық етінен жасалаған кәуапта беймәлім у болған. Дәмханада ауқаттанғаннан кейін екі сағат өтпей адамдар Сокулук аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізіле бастаған. Олардың арасынан 18, 20 және 48 жастағы үш адам қайтыс болды.

Зардап шеккендер арасында үш бала да бар. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендердің бәрі де қала іргесіндегі Новопавловка ауылының тұрғындары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті