Қазақстан-Қытай үкіметаралық қорын құру жөніндегі келіссөздер аясында ірі көлемдегі несиелік желілер ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді - "Қазына" басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Қытай үкіметаралық қорын құру жөніндегі келіссөздер аясында ірі көлемдегі несиелік желілер ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді - "Қазына" басшысы

Қазақстан-Қытай үкіметаралық қорын құру жөніндегі келіссөздер аясында ірі көлемдегі несиелік желілер ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді - "Қазына" басшысы

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан-Қытай үкіметаралық қорын құру жөніндегі келіссөздер аясында ірі көлемдегі несиелік желілер ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы "Қазына" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Маусым 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Өз жолдауында президент шетелдік ірі қаржылық ұйымдармен және басқа елдердің үкіметтерімен бірлесіп түрлі қорлар құратын басқарушы ұйымды, басқаша айтқанда қорлардың қорын құру қажеттігін айтқан. Бірінші кезекте, әрине, үкіметаралық қорлардан ең ірісі — Қазақстан-Қытай үкіметаралық қоры болмақ»,- деді Қ.Келімбетов.

«Біз кеше ғана Пекинде болып, осындағы ірі қаржылық компаниялармен олардың оператор болу мүмкіндігі туралы талқыладық»,- деп атап өткен Қ.Келімбетов «Қазына» Тұрақты даму қоры Қазақстан жағынан оператор екенін жеткізді. Ал Қытай жағынан «үш үміткер, олардың арасында ҚХР Экспорттық-импорттық банкі мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі бар».

«Қазір Қытай жағынан оператор айқындалу үстінде, бірақ біз ынтымақтастықтың ауқымды мүмкіндіктері жөнінде ортақ пікірге келдік. Бұл бірлескен үкіметтік емес, коммерциялық қорлар құру, ірі несиелік желілерді ашу арқылы жүзеге аспақ»,- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, «осы уағдаластық шеңберінде таяу уақыттарда ірі жобаларды, соның ішінде «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының аясындағы ірі жобаларды қаржыландыру жайы талқылана бастайды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті