Байқоңырда американдық DirecTV-10 ғарыштық аппаратының шілдеге жоспарланған ұшырылымына дайындық жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда американдық DirecTV-10 ғарыштық аппаратының шілдеге жоспарланған ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңырда американдық DirecTV-10 ғарыштық аппаратының шілдеге жоспарланған ұшырылымына дайындық жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Байқоңырда американдық DirecTV-10 ғарыштық аппаратының шілдеге жоспарланған ұшырылымына дайындық жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 15 Маусым 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, спутникті жасаған компаниялардың (Boeing) шетелдік мамандары 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусының 103А технологиялық залында ғарыш аппаратын жанармай компоненттерімен және сұйытылған газбен толтыруда. «Бұдан кейін қорытынды тексеру аяқталғаннан кейін DirecTV-10 ғарыш аппараты 101 технологиялық залына орнатылады, онда аппаратты «Бриз-М» үдеткіш блогымен түйістіру және ғарыштық басқы бөлігіне орнату жүргізіледі»,- деп түсіндірді орталықтағылар.

Сонымен қатар, М. Хруничев атындағы орталықтың мамандары «Бриз-М» үдеткіш блогы мен өтпелі жүйесіне электрлік және механикалық тексеру жүргізеді. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «Бриз-М» үдеткіш блогына қатысты жұмыстар аяқталғанан кейін ол жанармай құю үшін жөнелтіледі, одан кейін үдеткіш блок 101 технологиялық залға жеткізіледі, онда «Бриз-М» үдеткіш блогын DirecTV-10 ғарыш аппаратымен түйістіреді. Ғарыштық басқы бөлігін жинау 20-маусымнан кейінге жоспарланған.

Сондай-ақ ресейлік мамандар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындалу үстінде, зымыранның үш сатысын түйістіру мен сынау жүргізілуде. Маусымның басында американдық DirecTV-10 спутнигін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын жалпы жинау жоспарланған.

«DirecTV-10» ғарыштық аппараты АҚШ аумағындағы ірі спутниктік телевидение операторы — «DirecTV» компаниясына тиесілі. Салмағы 3 тоннадан асатын «DirecTV-10» спутнигі жер маңы орбитасындағы 9 аппараттан тұратын жер серіктерінің тобын толықтырады.

Осы тектес «DirecTV-8» жер серігін «Протон-М» зымыран-тасығышы Байқоңырдан 2005-жылдың 22 мамырында «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына сәтті шығарылған болатын. «Протон-М» зымыран тасығышын «Бриз-М» үдеткіш блогымен және DirecTV-10 американдық телекоммуникациялық ғарыш аппаратымен ұшыру 2007 жылдың 7-шілдесіне жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті