Өскеменде мемлекет басшысының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мемлекет басшысының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысы басталды

Өскеменде мемлекет басшысының қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысы басталды

ӨСКЕМЕН. 15-маусым. Kazakhstan Today. Өскеменде мемлекет басшысының қатысуымен президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Шетелдік инвесторлар кеңесіне Қазақстан жағынан республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, СІМ Марат Тәжин, Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Владимир Школьник, қаржы министрі Наталья Коржова, мемлекет басшысының көмекшісі Серік Бүркітбаев және тағы басқалары бар. Шетелдерден форум жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьер, «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, «Тоталь», «Би Джи Групп», «ABN AMRO Bank N. V.», «Кредит Сервис Групп», «Шеврон», «Эксон Мобил», «Эни», «ЛУКОЙЛ», «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» және т.б. компаниялардың басшылары бар.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьермен кездеседі. Осы кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізіледі деп күтілуде. Сонымен бірге шара барысында Шығыс Қазақстан облысындағы инвестициялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылады.

Президент баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Н. Назарбаев сондай-ақ «Нұртау» демалыс базасында шетелдік инвесторлармен бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді. Атап айтсақ, мемлекет басшысы «Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Чапмэнді, «Тоталь» компаниялары тобының бас атқарушы директоры Кристоф де Маржериді, «Арселор Миттал» директорлар кеңесінің президенті Лакшми Митталды, «КонокоФиллипс» компаниясының атқарушы директоры Джеймс Малвуды және «Гленкор Интернешнл АГ» директорлар кеңесінің төрағасы Вили Штротхоттені қабылдайды деп күтілуде.

Отырысқа қатысуға шақырылғандардың арасында «Самұрық» мемлекеттік холдингінің басшысы Сауат Мынбаев, оның орынбасары Тимур Кулибаев, председатель правления фонда «Қазына» қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Жақсыбек Күлекеев, АО «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы Ұзақбай Қарабалин, министрліктер мен мекемелердің жетекшілері бар.

Шет елдiк инвесторлар кеңесi Қазақстан Республикасы президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшiн қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау, ел экономикасын әлемдiк экономикалық процестерге ықпалдастыру және тағы да басқа маңызды мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған.

Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасынан премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, президент көмекшiсi, Сыртқы iстер министрi, Индустрия және сауда министрлігіндегі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы , Қаржы министрi, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi кіреді.

Кеңес мемлекет басшысының жарлығымен 1998-жылдың 30-маусымында құрылған. Оның мақсаты — республика үкіметі мен елімізде жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнату, инвестициялық ахуалды жақсарту.

Кеңесті президент басқарады. Ол кеңестің жалпы отырыстарына төрағалық жасап, күн тәртібін бекітеді. Жалпы отырыстар жылына екі мәрте өткізіледі. Сондай-ақ, үкімет басшысының орынбасары немесе индустрия және сауда министрінің төрағалық етуімен аралық отырыстар өткізіледі. Кеңес аясында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен шетелдік компаниялардың қатысуымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі, заңнамалық мәселелер бойынша, мұнайгаз саласындағы салық салу мәселелері бойынша, шетелдік инвесторлардың ағымдағы іс-қызметі жөніндегі бес бірлескен жұмыс тобы құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті