Батыс Қазақстан облысының Лубенка ауылында аусылмен ауырған 441 мал анықталып өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының Лубенка ауылында аусылмен ауырған 441 мал анықталып өртелді

Батыс Қазақстан облысының Лубенка ауылында аусылмен ауырған 441 мал анықталып өртелді

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылында аусылмен ауырған 441 мал анықталып өртелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

«14-маусымдағы жағдаймен 441 ірі қара мал анықталып, өртелді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір ауылдағы 322 қора-жайда дезинфекциялау шаралары жүргізілуде. Ауру ошағында 7 мыңдай малға, ал індет таралуы мүмкін бағыттарда 40 мың бас ірі қара мен ұсақ малға вакцина егілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аусыл індетінің тіркелуіне байланысты Лубенка ауылында карантин жарияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті