"Миттал Стил Теміртау" АҚ аумағында 450 тонна тұз қышқылы бар күзетілмейтін цистерналар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Миттал Стил Теміртау" АҚ аумағында 450 тонна тұз қышқылы бар күзетілмейтін цистерналар табылды

"Миттал Стил Теміртау" АҚ аумағында 450 тонна тұз қышқылы бар күзетілмейтін цистерналар табылды

АСТАНА. 15 -маусым. Kazakhstan Today. "Миттал Стил Теміртау" АҚ аумағында 450 тонна тұз қышқылы бар күзетілмейтін цистерналар табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткіні қадағалау комитетінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2007
  • 727
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, «Допинг» шарасы аясында есірткі саудасымен күрес және есірткіні қадағалау комитетінің қызметкерлері Қарағанды облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп «Миттал Стил Теміртау» АҚ аумағында темір жол тұйықталымында 450 тонна тұз қышқылы бар алты цистерна тапты. Комитет мәліметінше, цистерналар тиісті тәртіппен күзетілмеген.

«Заңсыз айналымда тұз қышқылы героин өндірісінде қолданылады, сол себепті ҚР заңнамасына сәйкес тұз қышқылын сатып алу, сақтау, пайдалану мен сату қатаң бақыланады», — деді комитеттегілер.

Полицияның ақпаратына сәйкес, бұған қоса, медициналық мекемелер мен өнеркәсіп орындардында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды ұрлау, оларды есепке алу, сақтау және сату ережелерін бұзу оқиғаларын әшкерелеуге бағытталған «Допинг» шарасының екінші кезеңі елімізде маусымның 11 мен 15 аралығында өткізілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті