Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Сотқа деген сыйламаушылық таныту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2007
  • 304
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу Кодекстеріне сот билігінің беделі мен мәртебесін көтеру мақсатында және әділ сот жүргізуге кедергі келтіру мен сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту жолымен соттардың тәуелсіздігін нығайту мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінде сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жауапқа тарту қарастырылған. Сотқа сыйламаушылық таныту дерегі бойынша іс жүргізу ережесі регламенттелген. Бұл соттарға іс сотта қаралып жатқан кез-келген сәтте осындай дерек бойынша іс жүргізе бастауға мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті