РФ президенті Сары-Шаған полигонын пайдалану шарттары туралы Ресей мен Қазақстанның арасындағы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ президенті Сары-Шаған полигонын пайдалану шарттары туралы Ресей мен Қазақстанның арасындағы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

РФ президенті Сары-Шаған полигонын пайдалану шарттары туралы Ресей мен Қазақстанның арасындағы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

МӘСКЕУ. 15-маусым. Kazakhstan Today. РФ президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1995 жылдың 20-қаңтарындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану және жалға беру және Приозерскіде тіршілікті қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" Федералдық заңға қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2007
  • 581
Фото - Caravan.kz

Көрсетілген хаттамамен келісімге Сары-Шаған полигонында жұмыс істеу және сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүліктерімен қоса жалға беру және оларды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгертулер енгізіледі.

Хаттаманың ережелерінде 10-шы Мемлекеттік сынақ полигонының (Қазақстан Республикасының Сары-Шаған полигоны аумағында орналасқан әскери алаңдар) 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонына оның құрылымдық бөлімшелері ретінде бірігуіне байланысты жүргізілген ұйымдастыру-штаттық шаралары ескерілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті