Астанада астық тиелген темір жол вагондары шойын жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада астық  тиелген темір жол вагондары шойын жолдан шығып кетті

Астанада астық тиелген темір жол вагондары шойын жолдан шығып кетті

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Астанада астық тиелген темір жол вагондары шойын жолдан шығып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Маусым 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданында Астана темір бекетінен 6 шақырым жерде №39 озу бөлімінде 18-маусымда 2 сағат 40 минутта Көкшетау-Астана бағытында қатынайтын жүк поезының астық тиелген бес вагоны шойын жолдан шығып кетті. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат поездардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға Астана станциясынан ВП-18 қалпына келтіруші поезд пен 20 адам тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті