Республиканың су қоймаларында алты адам суға батып кетті, төрт жасөспірімнің мәйіттері іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың су қоймаларында алты адам суға батып кетті, төрт жасөспірімнің мәйіттері іздестірілуде

Республиканың су қоймаларында алты адам суға батып кетті, төрт жасөспірімнің мәйіттері іздестірілуде

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың су қоймаларында алты адам суға батып кетті, төрт жасөспірімнің мәйіттері іздестірілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Маусым 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, өткен тәуліктерде Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында Қарағандыдан солтүстікке қарай 20 шақырымда Ертіс-Қарағанды каналында 12 сағат 10 минутта 40 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары шығарып алды.

Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданы, Новенький ауылында 16-маусымда 10 сағат 10 минутта шаған өзенінде жүзіп жүрген 24 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері жексенбі күні 13 сағат 50 минутта шығарып алды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек ауылы Айтек каналында 17-маусымда 14 сағат 10 минутта 12, 14, 16 және 18 жастағы төрт жасөспірім суға батып кетті. Мәйіттерді судан құтқару қызметі іздестіріп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті