Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті

ШЫМКЕНТ. 18-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық СПИД орталығынан хабарлады.

  • 18 Маусым 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

«2004-2005-жылдары туған тағы 4 бүлдіршіннің індет жұқтырғаны анықталды. Олар бұған дейін анықталған ауру ошағына қарасты»,- деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан анықталған балалар Сарыағаш, Сайрам, Төле би аудандары мен Шымкентте тұрады. Олардың ата-аналары зерттеуден өтті, үш жағдайда балалардың анасы аурудан аман болып шықса, біреуінің анализдері күдік тудыруға байланысты тексеріліп жатыр.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 9 бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. 14 әйелден індет вирусы табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті