Душанбеде болған жарылыс дерегіне қатысты "лаңкестік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде болған жарылыс дерегіне қатысты "лаңкестік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Душанбеде болған жарылыс дерегіне қатысты "лаңкестік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ДУШАНБЕ. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Тәжікстанның астанасында өткен сенбіде болған жарылыс дерегіне қатысты елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті "лаңкестік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады журналистерге Душанбенің прокуроры Курбонали Мухаббатов.

  • 18 Маусым 2007
  • 363
Фото - Caravan.kz

Жарылыс сенбіде жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 25 минутта республиканың Жоғарғы сот ғимаратының жанында болған. Ғимарат терезелерінің әйнектері сынған. Адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Ғимаратта ешкім болмаған, сондықтан да қылмыскер адам құрбандығына әкеп соқтыратын лаңкестік әрекет жасау мақсатын көздемеген деуге болады»,- деп санайды Курбонали Мухаббатов. Ол қорқыту мақсатындағы осы тектес жарылыстар бірнеше жыл бұрын «Сино» астаналық ауданының прокуратурасының, елдің Бас прокуратурасы мен ІІМ ғимараттарында болғандығына назарға ала кетті.

Прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта қуаты шамамен 400 грамм тротилге парапар жарылғыш құрылғының сипаты анықталуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті