«Жұмада Шығыс Қазақстан облысында біз сот процессінде «AES» компаниясынан 2,7 млрд теңгені өндіріп алдық»,- деді Әлиакпар Матишев. «Сот американдық «AES» компаниясының тобына кіретін Шүлбі мен Өскемен су электр станцияларын бюджет кірісіне 2,7 млрд теңге төлеуге міндеттеді»,- деп нақтылап өтті ол.
«Өскеменде облыс әкімі американдықтармен меморандумға қол қойған, бәсекелестікті қорғау комитеті оларға әкімшіліктің мұндай меморандум жасауға құқығы жоқ екенін айттық, себебі бұл оның функциясы емес… Әкім бұл меморандумда егер американдықтар тарифті төмендетсе, онда ол бәсекелестікті қорғау комитетімен келісу арқылы монополистер реестрінен шығарып, бұрын қозғалған қылмыстық істі жаптыруға уәде берген «,- деп түсіндірді даудың мән-жайын Әлиакпар Матишев. «Біз мұндай меморандумды күшсіз деп танып, оларды сотқа бергенбіз. Үш ай соттастық, сөйтіп жұма күні кешке сот біздің пайдамызға шешім шығарды»,- деді ол.
«Біз қазіргі уақытта бәсекелестікті қорғау саласындағы бірқатар ірі заң бұзушылықтар анықталған цемент өнеркәсібін тексеріп жатырмыз»,- деп хабарлады Әлиакпар Матишев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті