Каспий жағалауындағы мемлекеттердің СІМ басшыларының үшінші отырысы Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий жағалауындағы мемлекеттердің СІМ басшыларының үшінші отырысы Тегеранда өтеді

Каспий жағалауындағы мемлекеттердің СІМ басшыларының үшінші отырысы Тегеранда өтеді

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлігі басшыларының үшінші отырысы 20-маусымда Тегеранда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 18 Маусым 2007
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, аталмыш кездесу барысында Қазақстанның, Әзербайжанның, Иранның, Ресей мен Түрікменстанның сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының екінші саммитін өткізетін уақыты мен күн тәртібін талқылайды.

Кездесудің негізгі мазмұнында алдағы саммиттің қорытынды құжаты — декларацияның жобасы қаралып, келісілуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті