Қазақстанға Еурокомиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының басшысы келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Еурокомиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының басшысы келмек

Қазақстанға Еурокомиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының басшысы келмек

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанға, сейсенбі, 19-маусымда Еуропалық комиссияның сыртқы байлыныстар жөніндегі бас директоратының бас директоры Энеко Ландабуру келмек, деп хабарлады бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

  • 18 Маусым 2007
  • 326
Фото - Caravan.kz

«Сапар мақсаты Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау болып табылады»,- деп атап өтті дипломат.

Оның айтуынша, сапар бағдарламасында Еуразия Ұлттық университетіндегі еуропалық құжаттама орталығының салтанатты ашылуына Энеко Ландабурудың қатысуы жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті