Жолдағы апат сенбі күні таңертең ерте Алматы-Қарағанды тас жолында Гүлшад ауылынан 10 шақырым қашықтықта болған. «Тойота-Раннер» көлігін айдаған Алматы тұрғыны жолдың қарсы бетіне шығып келіп, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «КамАЗға» соғылған»,- деді баспасөз қызметіндегілер.
Көліктердің соқтығысуы салдарынан өрт шыққан. Жүргізуші мен төрт жолаушы, соның ішінде он алты жасар жасөспірім мен бес жасар бала жеңіл көліктің ішінде өртеніп кеткен. «КамАЗ» көлігі де жанып кеткен»,- деп нақтылап өтті полициядағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті