Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алматы» ауданындағы «Қызылжар» бақылау бекетінде шұғыл алдын алу шарасы барысында қылмыспен күрес басқармасы, жол полициясы басқармасы, криминалдық полиция басқармасы мен Астана қалалық ІІД жедел әрекет етуші арнаулы топбының қызметкерлері «ВАЗ-21150» автокөлігінен Қарағанды облысының бес тұрғынын ұстады.
«Тікелей тексеру барысында Макаров тапаншасы, жауынгерлік оқпен атуға арналып жөнделген «ИЖ-79» газ тапаншасы мен «Инкер-2» пневматикалық бесатары, «Оса» тапаншасы мен 9 мм-лік 7 оқ табылды»,- деп хабарлайды орталық. Тәртіп сақшылары барлық қарудың нөмірлері өшірілгенін анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті