Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Шымкент тұрғынын «Фосфор» мәдениет сарайының жанында цезий-137 радиоктивті материалы бар құтыны 1,5 млн теңгеге сатып тұрған жерінен құрықтаған.
«16-маусымда құтының иесі Шымкентке сатудан түскен 1 млн 250 мың теңгені алу үшін келген, ол ақша алу үстінде ұсталды»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған екеудің — радиоактивті материалды тасымалдаушы мен сатушының — үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-тармағы бойынша (радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді, тергеу жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті