Депутаттар парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысына өтініш жасады (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысына өтініш жасады (толықтырылған нұсқа)

Депутаттар парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысына өтініш жасады (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Депутаттар парламент мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау жөнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Маусым 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізден күрделі болса да тарихи шешім қабылдап, парламент мәжілісін таратып, жаңа сайлау шақыруды сұраймыз»,- деп мәлімдеді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс депутаты Нұрбақ Рүстемов президенттің атына жазған мәлімдемені оқып беру барысында.

«Бұл шешім Республиканың жаңаланған Конституциясының әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға жол ашып, өзіңіз бастамасын көтерген елімізді саяси тұрғыда модернизациялау үдерістерін қарқындандыруға мүмкіндік береді деп сенеміз»,- деді Н.Рүстемов.

Депутаттың түсініктемесіне сәйкес, Конституциялық кеңесте қабылданған қаулы «парламент мәжілісінің қазіргі құрамы Конституциялық өкілеттіліктердің жаңа жиынтығына ие бола алмайтындығын көрсетті. Мәжіліс бұл өкілеттілікке палатаның жаңа құрамы сайланғаннан кейін ғана ие болады». «Мұндай жағдай депутаттар біздердің мүддемізге сай емес. Біздің пайымдауымызша, қазіргі мәжіліс реформалардың тежегішінге айналып, 2009-жылы өзінің өкілеттілігінің аяқталуын күтіп отыруға тиіс емес. Сол себепті үшінші шақырылған парламент мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтайтын мерзім жетті»,- деп мәлімдеді Н.Рүстемов.

Ол осы орайда депутаттардың өз бетімен тарауға ниет білдіргенін атап өтті.

«Алайда бұл жерде де Конституциялық кеңес өз қаулысында мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алатынын көрсетіп берді»,- деді ол.

Өтінішке 50-ден астам адам қол қойған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті