Қазақстан президенті ресми сапармен қарашада Оманға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ресми сапармен қарашада Оманға барады

Қазақстан президенті ресми сапармен қарашада Оманға барады

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен қарашада Оманға барады. Бұл туралы ол бүгін Оман Сұлтандығының төтенше және өкілетті елшісі Ахмад бен Наср бен Хамад аль-Махразиден сенімхатын қабылдау рәсімінен кейін хабарлады.

  • 19 Маусым 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Менің қараша айында Оманға жасайтын ресми сапарым екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік береді деп сенемін»,- деді президент.

«Біз Қазақстан мен Оман арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге үлкен маңыз береміз»,- деді Н.Назарбаев. «Оман Сұлтандығы Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған, стратегиялық маңызы бар, соның ішінде мұнай саласындағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан араб мемлекеті»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті