Семипалатинск атауын өзгерту жөніндегі құжаттар мемлекет басшысына жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семипалатинск атауын өзгерту жөніндегі құжаттар мемлекет басшысына жолданды

Семипалатинск атауын өзгерту жөніндегі құжаттар мемлекет басшысына жолданды

СЕМЕЙ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Семипалатинск атауын Семей деп өзгерту жөніндегі құжаттар мемлекет басшысына жолданды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс сессиясында депутат Наталья Клименко хабарлады.

  • 19 Маусым 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс сессиясында депутаттар Семипалатинск атауын Семей деп өзгерту жөнінде жаппай дауыс берді. Ономастикалық комиссия да мемлекет басшысының қаланың атауын өзгерту туралы ұсынысын қолдады, сессияға қатысқан қала ақсақалдары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері де оны мақұлдады. «Қаланың атауын өзгерту туралы құжаттарға Семей әкімінің қолы қойылып, Астанаға жолданды»,- деді Н.Клименко.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті