Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Марат Тәжин Үндістан елшісі — Ашока Саджанхарды, Оман Сұлтандығының елшісі Ахмад Бен Насер Аль-Махравиді, Польша Республикасының елшісі Павель Чеплакты, сондай-ақ Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің үйлестіруші резиденті Хаолянь Шуды қабылдады.
«Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы шетелдік дипломаттарды жаңадан тағайындалуларымен құттықтай отырып, олармен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ұйым аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті