«Нақты жобаларға келсек, біз Ресейде жүргізілген, сондай-ақ, Қазақстанда күрделі аккредитациялаудан өткізілген зерттеулер мен өнертапқыштық жобалардың негізінде Алматыда күн батареяларын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқыладық. Меніңше бұл жоба таяу уақыттарда Алматыда іске қосылады», — деді Ж. Алферов.
Тұтастай алғанда, академиктің айтуынша, Қазақстан мемлекет басшысымен келіссөздер барысында «бірлескен зерттеулердің есебінен Қазақстанда жоғары технологияларды дамытуға қатысты бірқатар нақты мәселелер талқыланды».
«Бірінші кезекте жоғары кәсіби білікті мамандарды дайындау мәселесі сараланды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті