Өткен тәулікте еліміздегі су қоймаларында екі жасөспірім суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте еліміздегі су қоймаларында екі жасөспірім суға батып кетті

Өткен тәулікте еліміздегі су қоймаларында екі жасөспірім суға батып кетті

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте еліміздегі су қоймаларында екі жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Маусым 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облысының Кеңқияқ ауылында Темір өзеніне 19-маусымда 13 сағатта 16 жастағы жасөспірім жүзу барысында батып кетті», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарып алды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 18-маусым күні кешке Сырдария өзеніне 15 жастағы қыз суға батып кетті. «Оның мәйітін судан құтқару қызметі іздестіріп жатыр», деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті