Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шар - Өскемен теміржол желісі  2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - Көлік және коммуникация министрлігі

Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Маусым 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапары барысында концессионер-компания — «Досжан темір жолы» ЖШС басшысымен кездескен. «Екі жақтың пайымдауынша, жұмыс екпіні құрылыс мерзімінің айтарлықтай қысқаратындығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2007 жылдың желтоқсанына дейін тек құрылыс-монтаж жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын да аяқтау жоспарлануда. Яғни, жол 2008 жылдың басында пайдалануға берілуге тиіс», — деп айтылған хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті