Қазақстан парламенті Бельгия үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  Бельгия үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Бельгия үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "ҚР үкіметі және Бельгия үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Бұл келісімнің ережелерін пайдалану Қазақстан жағы үшін тиімді, өйткені, бұл Қазақстаннан Ұлыбританияға жасалатын транспорттық автотасымалдың тиімді дәліздерінің бірі»,- делінген құжатта.

Келісімге 2006-жылдың 5-желтоқсанында Брюссельде қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті