Маңғыстау облысында "Қазақстан темір жолы" компаниясының темір жол бөлімшесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында "Қазақстан темір жолы" компаниясының темір жол бөлімшесі ашылды

Маңғыстау облысында "Қазақстан темір жолы" компаниясының темір жол бөлімшесі ашылды

АҚТАУ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Маңғыстау станциясында "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 1634
Фото - Caravan.kz

Рәсімді «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ның батыс өңір жөніндегі президентінің өкілі Амангелді Селбаев ашты. Ол темір жолшыларды көптен күткен елеулі оқиғамен құттықтап, рәсімге жиналғандарға «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бірінші директоры нәжімеден Губашовты танытстырды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, «Темір жол тасымалының Маңғыстау бөлімінің ашылуы — облыс тарихындағы жаңа бет, маңызды оқиға болмақ. Оны өңірдің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі деп бағалауға болады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті