Қазақстан парламенті ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Қазақстан парламенті ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Заңның жобасы заң нормаларын жетілдіру мен оларды қолданыстағы заңдармен сәйкестендіру мақсатында жасалған», деді құжатты депутаттарға таныстырған ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, үкіметтің ішкі әскерлер кеңесін құру құзыретін ҚР ІІМ-іне беру ұсынылған. Сонымен бірге ішкі әскерлердің қолбасшысына өзінің орынбасарларының кандидатурасын министрлікке таныстыру құқығын беруді заңдастыру ұсынылған.

«ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы» заңынан кейбір терминдер алынатын болды. Мәселен, «прапорщик» және одан туынды сөздер алынып, «әскери қызмет» сөз тіркесі «жауынгерлік қызмет» тіркесімен алмастырылатын болды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті