Сенат сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 292
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымздай, «заң жобасында қылмыстық жолмен табылған мүлік пен кірісті тәркілеу мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасыру үшін жауапкершілікті, пара беру және делдалдық үшін жауапкершілікті күшейту, сонымен қатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының пара алғандығы үшін жауапкершілікке тартылуы қарастырылған»,- деп түсіндірді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген аталмыш заң жобасы жөніндегі мәжілістің жұмыс тобының жетекшісі Валерий Доскалов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті