Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында  конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Маусым 2007
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 37 жастағы Бидайкөл ауылының тұрғыны «конго-қырым қанды безгегі» деген диагнозбен 18-маусымда 12 сағатта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. «Аудандық аурухананың хабарламасына сәйкес, науқас 20-маусымда 17 сағат 45 минутта қайтыс болды.

Індет ошағында жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті