«Экологиялық кодекске сәйкес, қоршаған ортаға қалдықтар тастаушы табиғат қорын пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мекемеден өз іс-әрекеттерін жүзеге асыруға рұқсат алуға тиіс. Ал қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде табиғатты пайдалануға 1200-ден астам рұқсат берілсе, Астананың салық комитетінің мәліметінше, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеушілердің саны 4678-ге тең»,- деді Д.Қаржаспаев.
Оның айтуынша, «бұл саннан ластау төлемін эмиссия лимитін сатып алу түрінде беретін, төлем мөлшері мардымсыз, яғни, жылдық көлемі 100 айлық есептік көрсектіштен аспайтын ұйымдарды алып тастағанның өзінде төлем төлеуге тиіс ұйымдардың басым бөлігі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының рұқсатынсыз жұмыс істеуде».
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Астана қалалық аумақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергеновтың айтуынша, Елордасында қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеуші 4000 субьектінің басым бөлігі негізінен дәмханалар, мейрамханалар мен қатты қалдықтар тастаушы ұсақ мекемелер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті