Жол апаты кеше кешке 201-ші Ресей әскери базасының әскери ауруханасының жанына таяу жерде болған. ДЭУ автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Душанбедегі орталығының 47 жастағы қызметкері Мортен Лодоен мен 45 жастағы Арне Штейнді жаяу келе жатқан кезде қағып кеткен. «Олардың екеуі де Дьяков атындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Лодоен бүгін таңертең жарақат салдарынан қайтыс болса, Штейннің халі ауыр», деп хабарлайды ақпарат көзі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті