Орталық сайлау комиссиясы сайлауға келушілер саны көп болады деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы  сайлауға келушілер саны көп болады деп санайды

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға келушілер саны көп болады деп санайды

АСТАНА. 22 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы алдағы тамызда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына келетін сайлаушылардың саны көп болады деп санауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Маусым 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Болжау — рақымсыз іс… бірақ келетін сайлаушылардың саны көп болады деп күтудеміз»,- деді кеше журналистердің сұрағына жауап бере отырып Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Бұдан былай әкімдер мәслихаттардың келісімімен тағайындатын және орнынан алынатын болуы себепті бұдан былай мәслихаттарға деген қызығушылық ұлғаяды», — деп ол өз ойын білдірді. «Ал мәжіліс депутаттарына деген біздің қызығушылығымыз атүсті емес», — деді сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, парламент мәжілісіне кезектен тыс сайлау мен кезекті мәслихат сайлаулары 2007 жылдың тамыз айының 18-ші жұлдызына белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті