Станция төрғасының орынбасары Мәнсия Әукенованың айтуынша, апат 24-маусымда Шүлбі тас жолында, Гранитный ауылының маңында болған. «Ниссан» және «Тойота» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 20 жастағы әйел, 10, 11, 14 және 16 жастағы төрт бала жараланды.
Екі бала жарақат бөлімініе жеткізілсе, қалғандарын ауруханаға жатқызу қажет болды. Қазір олар Семейдегі облыстық ауруханада жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті