«Полиция 40 жастағы Алматы тұрғынынан 51 килограмм кептірілген марихуана тәркіледі», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Есірткі сатушыны полиция көптен бері аңдыған. Алайда оны оперативтік сатып алу әдісімен ғана қолға түсіру мүмкіндігі туды. Тектеру кезінде тәртіп сақшылары күдіктіден 800 грамм марихуана тапты. Иісшіл иттің көмегімен үйдің ауласынан бақша ішіне көміп қойған тағы үш қап марихуана табылды.
Тұтқын есірткіні тұтыну үшін өсірдім деп жауап берген. Оның үстінен аса ірі көлемде есірткі сақтап сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның хабарлауынша, бұл ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы бойынша үш мәрте сотталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті