Қазақстанда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 18,2%-ке, құрбан болғандар саны 2,7%-ке азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны  18,2%-ке, құрбан болғандар саны  2,7%-ке азайды

Қазақстанда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 18,2%-ке, құрбан болғандар саны 2,7%-ке азайды

АСТАНА. 25-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 18,2%-ке, құрбан болғандар саны 2,7%-ке азайды. Бұл туралы бүгін зілзалалардың санын азайту жөніндегі Азия конференциясы барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Маусым 2007
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Қолданылған кешенді шаралар ағымдағы жылы 2006-жылдың ьиісті мерзімімен салыстырғанда төтенше жағдайлардың санын 18,2%-ке, құрбан болғандар санын 2,7%-ке азайтуға мүмкіндік берді», — деді В.Храпунов.

Сонымен бірге оның айтуынша, елімізде өрттер саны 2006-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 17%-ке, өрттен келген материалдық шығындар көлемі 44,6%-ке азайды. «Орман өрттерінің алдын алу және санын азайту мақсатында кешенді шаралар қолданылды. Ормандағы өрттер саны өткен жылғымен салыстырғанда 4 есе азайды», — деді министр.

В.Храпуновтың хабарлауынша, » ағымдағы жылы атом-энергетикалық кешені мен Каспий теңізінде мұнай операцияларын жүргізуде өндірістік жарақаттар мен апаттарға жол берілген жоқ. Еліміздегі қатерлі өндірістердегі өлімге алып келетін жарақаттар деңгейі 10%-ке азайды. Есепті мерзімде өнеркәсіптік апаттардан келген материалдық шығындар көлемі 2006 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 8 есе азайды».

«Кейінгі 5 жылдағы құтқару шараларын жүзеге асыру динамикасы көрсеткендей, министрліктің шұғыл құтқару қызметтерінің шақыруға шығу саны 2,3 есе азайды. Осы мерзімде министрліктің күшімен 115 мың адам құтқарылды»,- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті