Қарағанды облысында тәртіп сақшысы абайсызда өзінің қарамағындағы адамды атып алды - ІІД баспасөз қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тәртіп сақшысы абайсызда өзінің қарамағындағы адамды атып алды - ІІД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында тәртіп сақшысы абайсызда өзінің қарамағындағы адамды атып алды - ІІД баспасөз қызметі

ҚАРАҒАНДЫ. 25-маусым. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Сәтпаев қаласының криминалдық полициясы бөлімінің бастығы абайсызда өзінің қарамағындағы адамды атып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

  • 25 Маусым 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Базарбек Құлтаевтың ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға өткен сенбі күні кешке Ұлытау ауданында болған. «Криминалдық полициясы бөлімінің бастығы өзінің қарамағындағы оперативтік қызметкерді абайсызда атып алды», — деді Б. Құлтаев.

Оның айтуынша, қазір оқыс оқиғаның себептерін облыстық ІІД-інен құрылған арнаулы топ тексеріп жатыр. Сонымен бірге оқиға орнына департаменттің мамандар жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары мен департаменттің жеке құрамы жөніндегі инспекторы келді.

Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің тобы Ұлытау ауданына демалу және аң аулап қайту үшін барған. Осы ақпарат көзінің хабарлауынша, кісі өліміне қатысы бар тәртіп сақшысы ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің абайсызда адамды өлімге душар ету жөніндегі 101 бабы бойынша айып тағылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті